Жаңалықтар

2024 жылдың 03 қазанында «№5 бастауыш мектеп» КММ-де Маңғыстау аудандық оқу-әдістемелік «Зерделі» ақыл ой дамыту мектебінің 2024-25 оқу жылында ұйымдастыруымен «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының  (3-4 сыныптар арасында ) мектепішілік кезеңі өтті.Қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, аудандық кезеңге қатысты.

  №5 бастауыш мектебінде серіктес мектептер арасында «Білім негізі бастауышта» тақырыбымен аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: бастауыш сыныптарда оқытудың  жаңа педагогикалық  әдіс-тәсілдерін  қолдана отырып  білім алуға деген қызығушылықтарын ,қабілеттерін арттыру;заманауи тәсілдерін тиімді пайдалана білуге дағдыландыру. Бастауыш сыныптарда оқыту ерекшеліктері бойынша іс-тәжірибе алмасу. Семинарға серіктес мектептерден 7 мұғалім келді.Семинар жоғары деңгейде өтті деп қорытындыланды. Сабақ көрсеткен мұғалімдерге арнайы сертификаттар табысталды. 

" Білімнің кілті - білікті ұстаздың қолында"

 06.12 күні «№5 бастауыш мектеп» КММ-сінде «С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ жетекшілік ететін «Зияткер» серіктес мектептер желілік қоғамдастығының  жұмыс жоспарына сай «Білімнің кілті — білікті ұстаздың қолында» тақырыбымен бастауыш сыныптар мұғалімдерінің  семинары өтті.Семинарға серіктес мектептерден мұғалімдер келіп, ашық сабақтарға қатысты.Семинардың жоспарына сай 1-ші сынып мұғалімі А.Далабаева,3-ші сыныпта К.Дарибаева,4-ші сыныпта орыс тілі пәні бойынша Н.Туманшаева ашық сабақтар өткізді. Мектептің педагог- психологы  Г.Караменова «Шынайы қарым -қатынас  нәтижеге бастайды» атты мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг өткізді. Семинар қызықты әрі нәтижелі болды.

Жаңалықтар

Фотогалерея

Семинарлар