Жаңалықтар

«№5 бастауыш  мектеп» КММ-сінде, мектепалды даярлық тобында  А.Боранова «Мақал сөздің — азығы, Жұмбақ сөздің — қазығы» тақырыбында  сайыс  сабағын  өткізді. Мақсаты : оқушылардың сөз қорын  молайтып, ақыл-ойын дамыту. Адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәриелеу.

«№5 бастауыш мектеп» КММ-сінде 1 сынып жетекшісі  А.Далабаева «Ыбырай Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы » атты тақырыбында сынып сағатын өткізді.Оқушылар ақынның  өлең шумақтарын хормен барлығы бірге айтты.

«№5 бастауыш мектеп» КММ-сінде тәлімгер Г.Караменова ауған соғысына  35 жыл толуына орай «Ауған соғысы жауынгерлері  — нағыз батырлар» тақырыбында 3-4 сынып оқушыларына ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар Маңғыстау ауданынан шыққан ер жүрек батырларды таныстыра отырып , бейне ролик көрсетілді. Жерлесіміз Бектұров Қуатбай Қызылұлы өмірбаяны туралы, қызықты деректер таныстырылып айтылды. Батылдығы мен ерлігі үшін  «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды. Отанына, Атамекеніне, Қазақстанға деген жүрек жарды тілектерін оқушылар өлең шумақтары мен әнмен жеткізді.

«№5 бастауыш мектеп» КММ — сінде Дүниетану- жаратылыстану апталығында  оқушылар қима қағаздар арқылы  әртүрлі тақырыптағы  суреттерді  құрастырды және әңгімелеп берді.

«№5 бастауыш мектеп» КММ-сінде  3 сынып оқушыларымен «Жол тәртібін білейік, аман — есен жүрейік тақырыбында  Ж.Ақбалаева тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: оқушылардың көшеде жүру  ережелерін  меңгеру дағдысы  қалыптастыру  және оны  іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Мұғалім қосымша ақпараттармен  таныстырды.Оқушылар жол ережесі , жол белгілері туралы өлең шумақтарын оқыды.  Сұрақ-жауап арқылы ой -пікірлерімен алмасты. Барлығы да белсене қатысты.

«№5 бастауыш мектеп» КММ — інде , «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 1-4 сынып оқушыларының әкелерінің қатысуымен «Әке -тәрбиенің тамыры» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты — мектеп пен отбасының өзара байланысын , қарым қатынасын нығайту, сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру, бала тәрбиесінде әкенің ролі ерекше  екендігін түсіндіру.Әкелерге педагог — психолог Г.Караменова тренингтер жүргізді.Тапсырмалар берілді, сұрақ-жауап айдары болды.ТЖО Р.Есетова баяндама оқыды.

«№5 бастауыш мектеп» КММ-де 25 қаңтар күні «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында полиция лейтенанты Кенжеахметова Салтанатпен кездесу өтті.

«Қыз өссе елдің көркі» қыздармен жиналыс

«№5 бастауыш мектеп» КММ -де  ДосболLIKE науқан аясында  2 сынып оқушыларымен тәлімгер  «Досыма хат» тренинг өткізілді.

Фотогалерея

Тәрбие жұмысы