


Жаңалықтар
«№5 бастауыш мектеп»КММ Мектебімізде Наурыз мейрамына орай » Наурыз — Көктем » атты сайыс өткізілді. Бұл сайысқа сынып жетекшілері мен оқушылар қатысты. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру 2. Сұрақ- жауап 3. Ұршық иіру 4. Көрініс 5. Ұлттық тағам Сұрақ- жауап кезеңінде ұстаздарға да, оқушыларға да қазақтың ұлттық салт- дәстүрлері, ұлттық тағам, ойындары бойынша сұрақтар қойылды. Ұршық иіру кезеңінде оқушыларға бұрынғы кезде көп қолданылған, қазіргі кезде ұмытылып қалған ұршықтың керемет қасиетін тамашалауға мүмкіндік болды. Көрініс кезеңінде «Бата беру», » Сүйінші сұрау», «Шаш өру», «Ою ою» деген тапсырмалар берілді. Ұлттық тағам кезеңі бойынша » Наурызкөже», » Бауырсақ » тағамдарының дайындалуы, пайдасы туралы айтылды. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Жеңімпаздар анықталып, дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды . Бұл сайысқа демеуші болған ауылымыздың абыройлы азаматы, мектебңміздің түлегі, қазіргі кезде ата- анасы Қаршығаев Асхат Ермұханұлына алғысымыз шексіз. Келіп жеткен мейраммен құттықтай отырып, Асхат Ермұханұлына зор денсаулық, қажымас қайрат, жұмыста да, өмірде де табыс тілейміз
https://www.facebook.com/share/r/1DmMBuLook/
«№5 бастауыш мектеп»КММ 14 наурыз күні 4сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ақбалаева Ж мен Өмірбайқызы Ж ауылымыздың қариясы Тоғызбай атаның шаңырағына барып көрісіп келді. Батасын беріп, ақ тілегін айтып оқушыларды қарсы алды. Амалдан амалға аман есен жетейік. Амал мерекесі құтты болсын!
https://www.facebook.com/share/r/19FwhKuq7H/
«№5 бастауыш мектеп»КММ «Математика және информатика» апталығында 19 ақпан күні 2сынып оқушыларына «1 санымен байланысты көбейту мен бөлудің қасиеттері» тақырыбында Нұран Жауынгүл ашық сабақ өткізді. Мақсаты-оқушыларға көбейту мен бөлудің қасиеттерін үйрету. Тез ойлау және шапшандықты дамыту. Сабағында жеке, жұптық, топтық жұмыстары қолданылды. Кері байланысты wordboll платформасымен өткізді.
https://www.facebook.com/share/r/15SAdC31rA/
«№5 бастауыш мектеп»КММ «Мен өмірге құштармын!» тақырыбында 4сынып оқушылары сурет салды.
https://www.facebook.com/share/r/18ZS8ogqzt/
«№5 бастауыш мектеп»КММ-де 14ақпан күні 3-4сынып оқушылары мен ұжым қызметкерлерне «Терроризм және оның зардаптары» тақырыбында қауіпсіздікті алдын-алу мақсатында бейнеролик көрсетілді. Бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстаным екенін ұғындыру
«№5 бастауыш мектеп»КММ Ұжымға «ҰСТАЗ» киносы көрсетілді. Бұл фильм де оқушымен мұғалім арасындағы қарым-қатынасы, интернетке тәуелділік, мамандық таңдау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы сипатталған.
https://www.facebook.com/share/r/1AS7CYShRy/
«Абай оқулары «
https://www.facebook.com/share/v/1673NkEqnT/
Отбасы күніне орай өткізілген «Толағай» спорттық шара.
https://www.facebook.com/share/r/2WsDtRMsxNQTtWgy/?mibextid=qi2Omg
Маңғыстау АПБ ЖПҚб ЮПТ полиция капитаны Базаргалиева Дана Александрқызы оқушыларға «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
«№5 бастауыш мектеп»КММ
4 сынып жетекшісі Ералы Жұлдыз отбасы күніне орай «Мықты отбасы — мықты мемлекеттің кепілі» тақырыбында сынып сағатын өткізді!
Мақсаты: оқушылардың отбасына деген махаббатын арттыру,татулыққа сыйластыққа, туыстыққа баулу, жанашырлық, мейірімділік сезімдерін ояту.Сонымен қатар адамгершілік , парасаттылық және мәдениеттілікке тәрбиелеу. Балалармен сұрақ- жауап айдары жүргізіліп, «Ана мен әке қадірі» бейнеролигі көрсетілді. Постер жазылып , жұмбақ және мақал-мәтелдер айтылды. Сабақ соңында » Бақытты отбасы» тақырыбында сурет салынды.
https://www.instagram.com/reel/C_sUJWkp2m7/?igsh=ejZiNDc4bXRqMGd3
«№5бастауыш мектеп»КММ
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында Тоғызқұмалақ ойынын әлемдік «GUINNESS WORLD RECORDS» кітабына рекорд тіркеу жоспарланған.
9-шы қыркүйек күні мектебіміздің 3-4сынып оқушылары флешмобқа қатысты.
Дене шынынықтыру пән мұғалімі: Өмірбайқызы Ж
https://www.instagram.com/reel/C_sCQTSq_hV/?igsh=MWhweDA5Zm01OWptcw==


«№5 бастауыш мектеп» КММ 1-4 сынып оқушылары мен ұстаздарға «Адалдық сағат» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
https://www.instagram.com/reel/C_dtB7zi2W8/?igsh=MWZ1MndkMWk3cmpsMg==
«№5 бастауыш мектебінде» КММ, Дүниетану және жаратылыстану апталығында 4 сынып жетекші Р.Есетова дүниетану пәні бойынша «Менің өлкемнің ауылшаруашылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ мақсаты: өз өңіріңдегі және Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі адамның шаруашылық қызметтерін табиғи жағдайларға байланыстырып талдау. Сабақ барысында «Бірге ойлаймыз», «ой қозғау», « Ойлан , «Бірлескен жұмыс» әдіс тәсілдері қолданылады. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты. Сабақ соңында «Аяқталмаған ой» әдісі арқылы оқушылар өз ойын жүйелі жеткізе білді. Ең бастысы оқушылар тақырыпты жете түсінді.



«№5 бастауыш мектеп» КММ-сінде, 3 сынып оқушыларына жаратылыстану пәнінен «Қазақ халқының даңқты хандары» тақырыбында Ж.Ақбалаева ашық сабағын өткізді. Мақсаты-хандардың Қазақстан тарихындағы рөлін түсіндіру. Ұлтжандылыққа, батыл болуға тәрбиелеу. Сабағында QR әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрады. Жұптық топтық тапсырмалар берді. Оқушылардан тик-ток әдісі арқылы кері байланыс алды.



«№5 бастауыш мектеп» КММ — сінде, қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша іс-шара жоспарына сай «Отпен ойнау және олардың салдары» тақырыбында 1 сынып оқушыларымен А.Далабаева сыныптан тыс сабақ өткізіді. Мақсаты — өрт қауіпінен сақтау жайлы мағлұматтарын кеңейту, электр құралдарын дұрыс қолдану жайлы білу. Ұқыптылыққа ,тиянақтылыққа тәрбиелеу.



«№5 бастауыш мектеп» КММ — сінде ,төтенше жағдайлар кезінде халықтың дайындығын арттыру мақсатында Республика көлемінде 23 ақпан сағат 10.00- де сейсмикалық жаттығу өткізілді. Оқушылар мен мектептің барлық қызметкерлері эвакуацияланды және мектеп сыртына шығарылды.



«№5 бастауыш мектеп» КММ, дүниетану және жаратылыстану апталығында 1 сынып жетекшісі Есетова. М «Уақыттың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. «Барабан әдісі арқылы жеке,жұптық тапсырмалар орындады. «Шамдар» әдісінде бір және екі буынды сөздерді таратып , оларды шамдарға орналастырды. Қосымша ақпараттар беру мақсатында бейне ролик көрсетті. Сабақ мақсатына жетті, барлық оқушылар белсенді қатысты.




